Астанадағы әуежайда оннан астам рейс кешікті
14:26, 03 Қаңтар 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Астана халықаралық әуежайының ресми сайтындағы онлайн-таблода бірнеше ішкі және халықаралық рейстердің кешігетіні туралы ақпарат жарияланды.
Астанаға қонатын мына рейстер кешіктірілді:
- Алматыдан: сағат 10:20, 10:25, 10:50, 14:50, 19:55;
- Өскеменнен: сағат 09:50;
- Шымкенттен: сағат 09:30, 10:10, 12:05;
- Талдықорғаннан: сағат 12:45;
- Қостанайдан: сағат 14:20;
- Атыраудан: сағат 15:00;
- Ақтаудан: сағат 15:25 және 18:10.
Сондай-ақ кешіктірілген рейстер:
- Қостанайдан: сағат 14:20;
- Атыраудан: сағат 14:40;
- Ақтаудан: сағат 15:25 және 18:45;
- Алматыдан: сағат 15:50, 16:05, 16:55;
- Дохадан: сағат 18:30.
Астана әуежайынан ұшуы кешіктірілген рейстер:
- Алматыға: сағат 14:40, 14:55, 16:10;
- Ақтауға: сағат 18:30;
- Қызылордаға: сағат 18:15.
Айта кетейік, ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.