Астанадағы аукционда қазақстандық бұқа 6 миллион теңгеге сатылды

Фото: Кирилл Резниченко

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада 17-18 шілде күні дәстүрлі Jana Dala/Green Day 2025 халықаралық көрмесі өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылар ұсынған мәліметке сәйкес, биыл халықаралық көрмеге 22 елден 10 мыңнан астам адам келді. Сондай-ақ 500 бала көрмені арнайы бағдарлама бойынша тамашалады. Жалпы дәстүрлі көрмеге 200-ден астам компания қатысып жатыр. 

Фото: Кирилл Резниченко

Айта кетейік, малдың жай-күйін 150 ветеринар маман бақылап отыр. 

Одан бөлек, «Мал шаруашылығы» блогы аясында көрсетілімге, аукцион және «ең үздік бұқа» байқауына 19 шаруашылық қатысып жатыр, ол жерде 47 бұқа ұсынылған. 

Фото: Кирилл Резниченко

— Jana Dala Green Day 2025 халықаралық көрмесі аясында өткен аукционда «Дәурен» шаруа қожалығының «Жойқын» атты бұқасы 6 миллион теңгеден астам қаржыға сатылды, — делінген хабарламада. 

Фото: Кирилл Резниченко

Қазақтың ақбас тұқымды бұқалары арасындағы байқау өз мәресіне жетті. Жалпы халықаралық көрме жалғасып жатыр. 

Жеңімпаздар:

18 айға дейінгі санат бойынша:

— «Сәбит» шаруа қожалығы — «Қыран» (Батыс Қазақстан облысы);
— «Новобратское» ЖШС — «Багровый» (Ақмола облысы);
— «Дәурен» шаруа қожалығы — «Батпан» (Абай облысы).

18 айдан жоғары санат бойынша:

— «Галицкое» шаруа қожалығы — «Доллар» (Павлодар облысы);
— «Родина» ЖШС — «Атос» (Ақмола облысы);
— «Айдар» шаруа қожалығы — «Лохопота» (Ақмола облысы).

Абсолютті чемпион:

— «Сәбит» шаруа қожалығы «Қыран» бұқа (Батыс Қазақстан облысы).

Фото: Кирилл Резниченко

Бұған дейін Ақмола облысында «Jańa Dala / Green Day ‘2025» көрмесі басталғаны туралы жазған едік. 

Еске салсақ, биыл мамырда Қазақстанда бұқа экспортына уақытша тыйым салынған еді.