Астанадағы автобус апаты: бір зардап шегушінің жағдайы ауыр, ота жасалады
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада жолаушылар автобусы апатынан 10 адам зардап шекті. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
— Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алған 10 адам қалалық стационарға жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуі ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда, шұғыл операция жасалып жатыр, — деген хабар алдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соғылды.
Еске салсақ, бұл бірінші жайт емес, сәуірде Астанада автобус бағанға соғылып, жолаушылар жарақат алған еді.
Таяуда елордада көлік басқарып келе жатқан жүргізуші кенеттен қайтыс болғаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ Астанада серуен жолы опырылып түсіп, бойжеткен зардап шекті.