Астанадағы Backstreet Boys концертіне мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты
АСТАНА. KAZINFORM — 21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтіп жатқан Backstreet Boys концертіне мыңдаған жанкүйермен бірге мүмкіндігі шектеулі көрермендер де бас қосты, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Іс-шараның барынша қолжетімді әрі жайлы өтуі үшін аренада арнайы жағдай жасалды: ыңғайлы кіреберістер қарастырылып, қозғалысы шектеулі жандарға арналған бөлек орындар жабдықталды, сондай-ақ еріктілердің көмегі ұйымдастырылды.
Көрермендердің айтуынша, мұндай шаралар концерттің толыққанды қатысушысы ретінде сезінуге және өзгелермен бірдей әсер алуға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұқаралық іс-шараларда кедергісіз орта қалыптастыру — елордадағы инклюзивті мәдениетті дамытудың маңызды қадамы.
Бұдан бұрын Backstreet Boys тобы экологиялық акция аясында Астана саябағында ағаш отырғызып, домбыра шертіп көргенін жазғанбыз.