Астанадағы «BaiQymyz» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада өткен «BaiQymyz» халықаралық фестивалі аясында ұлттық сусын — қымызды дәріптеуге арналған ауқымды байқауы қорытыныланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

Екі күнге созылған іс-шараға 70 мыңнан астам қонақ келіп, 56 тонна қымыз ұсынылды. Байқауға Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген өндірушілер қатысты.

Фото: Астана әкімдігі

Қатысушылар қымыздың сапасы, дәмі, дайындалу ерекшелігі мен ұлттық дәстүрге сәйкестігі бойынша сынға түсті.

Фото: Астана әкімдігі

«BaiQymyz» негізгі байқауының жеңімпаздары:

Гран-При — Ақмола облысы, Бурабай ауданы, «Qymyznai Qymyzy» қымызы.

Алтын жүлде — Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, «Ағабек ата ерекше қымызы».

Күміс жүлде — Ақмола облысы, Целиноград ауданы, «Saryarqanyn saf qymyzy».

Қола жүлде — Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «Qarakush» қымызы.

Фото: Астана әкімдігі

«Ем қымыз» номинациясы:

Алтын жүлде — Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «Баянның бал қымызы».

Күміс жүлде — Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Saryterek» қымызы.

Қола жүлде — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Sarybel» қымызы.

Фото: Астана әкімдігі

«Халық таңдауы» номинациясы:

Алтын жүлде — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Теректінің текті қымызы».

Күміс жүлде — Абай облысы, Абай ауданы, «Sarzhal Bakytzhan» қымызы.

Қола жүлде — Жамбыл облысы, Меркі ауданы, «Ақтоған» қымызы.

Арнайы номинациялар жеңімпаздары:

«Алтын күбі» номинациясы — Ақмола облысы, Целиноград ауданы, «Bizdin Qymyz».

«Алтын саба» номинациясы — Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай қымызы.

«Алтын шара» номинациясы — Ресей Федерациясы, Омбы қымызы.

«Күміс тостаған» номинациясы — Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы, «Saba» қымызы.

«Күміс торсық» номинациясы — Абай облысы, «Тоқаш ана» шипажайы.

«Қымыз серті» номинациясы — Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «Ләйлә» өнімі.

«Жайлау дәмі» номинациясы — «Zhanten» қымызы.

«Дәстүр сақтаушы» номинациясы — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Ақтерек» қымызы.

«Үздік дизайн» номинациясы — Абай облысы, Абай ауданы, «Әділ қымыз».

«Дәм шебері» номинациясы — Алматы облысы, «Ақсақал» қымызы.

Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөліскенін жазған едік.