«Біз халықты оқыту мен жаттығулар арқылы төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге үйретеміз. Мысалы, тұрғындарды іс жүзінде эвакуациялай отырып, көпқабатты үйлерде шартты түрде өрт болған жаттығулар өткіземіз. Республика бойынша барлығы 250-ден астам осындай оқу-жаттығулар өткізілді», - деді ол.
Министр мұндай шаралар халықтың қауіпсіздік мәдениетін көтереді деп отыр.
«Астана қаласының зәулім үйлеріндегі тұрғындарды эвакуациялауға тікұшақ қолдана отырып, жаттығу өткізуді алғаш рет жоспарлап отырмыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстар азаматтарды өрт кезінде өзін-өзі құтқару дағдыларына кезең-кезеңімен үйретеді, осылайша қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырамыз», - деді Шыңғыс Әрінов.
Еске сала кетейік, бұған дейін ТЖМ зәулім ғимараттарда өрт сөндіретін дрондар сатып алуды жоспарлап отырғанын хабарлаған едік.