28 маусым күні сағат 09:00–ден 29 маусым сағат 02:00–ге дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қозғалысты ұйымдастыру үшін уақытша жол белгілері орнатылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы уақытша өзгерістерді ескеріп, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.
Айта кетейік, Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жөндеу жұмысына байланысты жабылады.