Астанадағы Есіл өзенінде су деңгейі қалыпты – фоторепортаж

Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Көптен күткен көктем Астанаға да келді. Бірақ қар еріген соң Есіл өзені жағалауында судың ұлғаюы байқалды. Kazinform фототілшісі су басқан жағалау мен жолдарды суретке түсіріп қайтты.

Өткен аптада күннің күрт жылынуына байланысты лай мен батпақты кезең ұзаққа созылмады. Дегенмен кей жерлерде әлі де күртік қар бар. 

Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Есіл өзеніндегі мұз да толығымен еріді, ал су жағадағы жаяу жүргіншілер жолына жайылды.

Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Триатлон саябағы жанындағы жағалау, сондай-ақ Орталық саябақ Астана тұрғындары мен қонақтарының сүйікті мекеніне айналған. Бұл жерлер жылдың кез келген уақытында ерекше тартымды.

Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Көп ұзамай мұнда серуендейтін адамдар көбейіп, музыка және кофе мен тәттілері бар көптеген дүңгіршектер болады. Ал әзірге елорданың кеш келетін көктемгі сәтін ұсынамыз.

Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Ел өңірлеріндегі су тасқыны жағдайында кейбір астаналықтар қала арқылы өтетін Есіл өзеніндегі су деңгейіне алаңдауы мүмкін. Алайда Астананы су басу қаупі жоқ. Бұл туралы елорда әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Ақмарал Олжабаева мәлімдеді.

«Су деңгейі көтерілмейді, еш қауіп жоқ. Қазіргі су деңгейі де нормадан асқан жоқ», - деп жауап берді ол агенттік тілшісіне. 

Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

«Қазгидромет» РМК болжамынша, 12 сәуірде елордада күн райы жауын-шашынсыз, бірақ бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +10...+12°C болуы болжанады. Сондай-ақ, синоптиктер жұма күні түнде және таңертең тұман болатынын ескертті. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады.

Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform