Астанадағы «Ханшатыр» сауда орталығынан өрт шықты

Астана қаласында «Ханшатыр» сауда орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Видеодан алынды

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы бүгін, 23 желтоқсанда сағат 14.00-де хабарлама түскен.

«Тұран даңғылы 37, «Хан шатыр» СОО мекенжайына келген бойда 5 минутта өрт сөндірушілер артқы кіретін жақтан қою қара түтін шығып жатқанын анықтады, трансформаторлық қосалқы станцияның 10 ш метр және кабельді шахта 0-ші қабатта өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады департаменттен.

Өрт орнында жеке құрамның 66 адамы және Астана қаласы ТЖД 14 техникасы өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.