Астанадағы хостелдерде өртке қарсы рейд жүргізілді

Астана қаласында ресми түрде 229 қонақ үй мен 80 жатақхана жұмыс істейді, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қыстың алғаш күнінде Астана қаласының полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері Amanat партиясының еріктілерімен бірге Алматы ауданындағы жеке тұрғын үй массивін, жатақханалар мен хостелдерді, барак типіндегі жалдамалы баспаналарды, саяжай секторын аралап, өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегі бойынша, бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша ресми түрде 229 қонақ үй мен 80 хостел жұмыс істейді.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 

«Бүгін Алматы ауданындағы 20 хостелді араладық. Негізі Астана қаласы әкімдігінің ресми мәліметі бойынша, қалада 80 хостел бар. Жалпы қалада жалға берілетін үй өте көп. Сондықтан біз полициямен бірлесіп, осындай шаралар өткіземіз», - дейді Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Мырзагелдиев.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Оның сөзінше, жылыту маусымы басталғаннан бері «Жатақхана» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында баспана ретінде жалға берілген 257 нысанды аралау жұмыстары жүргізілген.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Жалпы жыл басынан бері Астана қаласының аумағында 549 өрт тіркелген. Оның ішінде тұрғын үй секторында 223 өрт болған. Тұрғын үй секторындағы өрттерден жыл басынан бері 12 адам қаза тапқан. 27 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алса, 38 адам түтінге уланған.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Аула аралау кезінде полиция өкілдері мен төтенше жағдай қызметінің мамандары жатақхана және басқа да коммерциялық қызмет үшін пайдаланылатын тұрғын үйлерге ерекше назар аударды.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Kazinform