Жауапқа сәйкес, Астана ПД Жедел басқару орталығына 50 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған. Олардың 3 мыңнан астамы Жедел басқару орталығының өз қарамағында. Қалған бөлігі қалалық және коммерциялық бейнебақылау жүйелеріне біріктірілген.
Олардың қатарында SergekVMS («Көркем Телеком» ЖШС), «Бұлтты бақылау» және O.P.E.R. («Cerebro Innovation Technologies» ЖШС) жүйелері бар. Олар қалалық ортадағы бақылау аясын кеңейтіп отыр.
Ведомствоның мәліметінше, қарастырылып отырған — 2025 жыл мен 2026 жылдың алғашқы төрт айындағы кезеңде — бейнебақылау жүйесі арқылы шамамен 3 мың қылмыс ашылып, 40 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.
Полиция департаменті түрлі бейнебақылау платформаларын бірыңғай басқару орталығына біріктіру оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, ірі мегаполистегі құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыратынын атап өтті.
Бұған дейін Астанада бейнебақылау камераларының саны бір жылда екі есеге артқанын жазған болатынбыз.