Астанадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің Түркістан көшесінен Сауран көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің үстіңгі қабатын салады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 19-21 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақыт аралығында көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет, - делінген хабарламада. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы әуежайына кіру-шығу жолы уақытша өзгеретінін хабарлаған едік.