«Биыл елорданың қоғамдық көлік паркі 320 автобуспен толығады. Олардың басым бөлігі қазірдің өзінде желіге шықты. Мәселен, бірер күн бұрын елордаға жаңа 55 автобус жеткізілді. Оның 26-сы толық жабдықталып, маршрутқа шықты. Қалған бөлігі техникалық дайындықтан өткеннен кейін желіге шығады», - деп жазды Астана әкімі.
Өңір басшысы жаңа қоғамдық көліктер жаңа бағыттағы маршруттарды ашуға, күту уақытын қысқартуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Былтыр қоғамдық көлік паркін 400 автобусқа ұлғайтқанбыз. Жылжымалы құрамды жаңарту жұмысы жүріп жатыр», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада үстел теннисінен алғаш рет Азия чемпионаты өтетінін жазған едік.