АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Д. Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысында жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 2-3 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.
Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Бұған дейін Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасаған болатын.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.