АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2-9 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Айта кетейік, осыған дейін елордадағы Сығанақ пен Әйтеке би көшелерінің қиылысы ішінара жабылатынын жазған едік.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.