Астанадағы Нұржол бульварында көлік қозғалысы уақытша шектеледі
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұржол бульварының үстіңгі қабатын салу жұмыстарының жалғасуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына көлік қозғалысының уақытша шектелетінін хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 3 және 4 шілдеде Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі, сондай-ақ Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскелерде жол қозғалысы кезең-кезеңімен жабылады. Бұл жұмыстар Нұржол бульварының сапасын жақсарту мақсатында жүргізілуде.
- Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерге назар аударуды сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты барынша азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, енді елордада жол ережесін Sergek дрондар бақылайды.