Астанада үш қабатты ғимаратты шарпыған өрт сөндірілді

Фото: МЧС РК

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 300 ш.м. алаңда болған өрт толығымен сөндірілді.

ТЖМ күштері 300 ш.м. алаңда болған өртті толығымен сөндірді. 

Нақтыланған мәліметтер бойынша, үш қабатты ғимараттың 3-ші қабатында сөрелер мен төбе жанған, жалын 2-ші қабаттың сатысына көшкен. 

Өртті сөндіруге 19 техника және жеке құрамнан 90 адам жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. 

Айта кетелік Астанада 3 қабатты ғимарат өртенгені туралы жазған едік.