Астанадағы Орталық саябақта шаңғы жарысы өтеді

30 желтоқсанда Астаналық саябақта қысқы спорт түрлері маусымының ашылу рәсімі өтеді. Соған орай шаңғы роллері жарысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Kazinform Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Шаңғы жарысына қатысушылары 500 метр және 5 км аралығында сынға түседі. 

Бұған қоса спорттық мерекеде спорттың төрт түрі бойынша, атап айтқанда, гір тасын көтеру, армрестлинг, белбеу күресі және арқан тартыс бойынша жарыстар өтеді.

Қатысушыларды тіркеу 30 желтоқсан таңертеңгі сағат 08.00 басталады, ал жарыс сағат 10:00-де басталады. Сайысқа түсушілер жарыс болатын орында тіркеле алады.

Спорттық мерекеде көрермендер мен қатысушылардың арасында лотерея мен түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылады деп жоспарланған. Әрбір жас санатына қарай үздіктер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.