Астанадағы өрттен ешкім зардап шекпеген: Оқиға орнынан фоторепортаж

Фото: Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Астаналық өрт сөндірушілер тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр. Kazinform тілшісі оқиға орнына барып келді. 

Байқағандарыңыздай, өртпен күрес әлі жүріп жатыр. Оқиға орнына жиналған адамдар жағдайды бақылап отыр.

Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform

Төтенше жағдай болған жерде өрт сөндіру, тәртіп сақшылары және жедел жәрдем қызметін бақылауға болады. 

Жергілікті тұрғындарды әңгімеге тартқан едік, өкінішке қарай пікір білдіруден бас тартты. 

Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform

Сондай-ақ, жақын маңда жол қозғалысы жабылған. 

Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform

«Қазіргі уақытта жоғары қысымды сорғылар жұмыс істеп жатыр. Сөндіру жұмысы жалғасуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ» дейді ТЖМ баспасөз қызметінен.

Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform

Оқиға орнында Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов жүр. 

Еске сала кетейік, бүгін астанада көпқабатты үйдің 26-қабатынан өрт шықты.

Құтқарушылар 8 адамды қауіпсіз жерге шығарды, оның ішінде бір бала бар. Арнайы штаб құрылды.  

Фото: ТЖМ
Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform
Фото: ТЖМ
Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform