Астанадағы Сафуан Шаймерденов атындағы көше ішінара жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты С. Шаймерденов көшесінің Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлім етті.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Сонымен қатар Ж. Нәжімеденов/С. Шаймерденов және А. Байтұрсынов/С. Шаймерденов көшелерінің қиылыстарында қозғалыс ішінара шектеледі.

— Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 16-18 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Жұмыстар Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне қарай бағытта жолдың бір жағымен жүргізіледі, — делінген хабарламада.

«City Transportation Systems» ЖШС жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді өтінді.

Сондай-ақ «Жансүгірұлы» аялдамасына автобустардың тоқтау мүмкіндігі жоқ екені хабарланды. Осыған байланысты бағдарлар жолаушыларды аталған аялдамаларда уақытша отырғызып/түсірмейді.

Айта кетейік, 15–18 мамыр аралғында Шыңғыс Айтматов көшесінің бір бөлігі жабылады.