Астанадағы Сарыарқа даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тарас Шевченко көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлім етті. 

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты 8-14 шілде аралығында Сарыарқа даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады. 

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада LRT құрылысына байланысты Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылатыны хабарланған болатын.