Астанадағы Сарыарқа-Жангелдин көшелерінің қиылысы уақытша жабылады
23:27, 23 Маусым 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа-А.Жангелдин көшелерінің қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Осыған байланысты 24 маусым сағат 07:00–ден 25 маусым сағат 07:00–ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылатын болады», деп жазды ведомстводан.
Мекеме елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.