Қала әкімдігінің мәліметінше, жол құрылысы жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 6 маусым мен 6 шілде аралығында Тілендиев даңғылының аталған учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады.
– Осы кезеңде автокөлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады, – деп хабарлады жауапты мекеме.
Қала тұрғындары мен қонақтарына бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылды.
– Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында учаскеде уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады, – делінген хабарламада.
Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысындағы жаңа көлік айрығы жол өткізу қабілетін арттыруға және көлік кептелісін азайтуға бағытталған.
Айта кетейік, Астана – Петропавл тасжолында 257 мың шаршы метр жабын жаңартылды.