«Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін айтылады», — деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, бүгін таңертең Астанада жеке тұрғын үй өртеніп, 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты.