— Оқиға Сарайшық ауданындағы Т. Жүргенов көшесінде орналасқан үйде болған. Алғашқы бөлімшелер келген кезде кіреберісті қалың түтін басқаны анықталды. Тұрғындар өздігінен эвакуацияланған. Нақтыланған мәліметке сәйкес, өрт 6-қабатта лифтінің ағаш қаптамасы мен электр кабелінің жануынан шыққан. Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыған, — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы ақпарат «112» пультіне түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Осыған дейін Өскемендегі өндірістік ангар өртенгенін жазған едік.