Астанадағы Түркістан көшесінің бір бөлігі жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Түркістан көшесі бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Осыған байланысты 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.