Астанадағы турнирде Қазақстан хоккей құрамасы Ресейден жеңілді

Фото: Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін, 1 мамырда халықаралық Qazaqstan Hockey Open турниріндегі алғашқы ойынын Ресей 25 құрамасына қарсы өткізді.

Бас бапкер Олег Болякин аталған кездесуге төмендегі қазақстандық хоккейшілерді шығарды: Кудрявцев (Әмірбеков); Орехов-Метальников, Михайлис-Шестаков-Колесников; Бекетаев-Данияр, Панюков-Лихотников-Әсетов; Михайлов-Гайтамиров, Рымарев-Өмірбеков-Савицкий; Бреус-Волков, Қайыржан-Мұхаметов-Мұратов.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Кездесу барысында ресейлік хоккейшілердің басымдығы байқалып тұрды. Олардың қатарынан Данил Аймұрзин, Дмитрий Саморуков, Марат Хайруллин және Михаил Воробьев гол соқты.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қазақстан құрамасынан Әлихан Әсетов бір голмен жауап қайырды.

Осылайша ел құрамасы қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Енді ел құрамасы 3 мамырда Беларусьпен шеберлік байқасады. Ертең, 2 мамырда Ресей 25 құрамасы мен Беларусь ойнайды.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Халықаралық турнирге қатысушылар топтық жүйе бойынша сайысқа түседі. Көп ұпай жинаған құрама турнирдің жеңімпазы атанады.

Бұл Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионаты алдындағы дайындығы аясында өткізіліп жатыр. 

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қазақстандық хоккейшілер В тобында ойнайды. Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Венгрия. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.
Ал Швецияның Стокгольм қаласында болатын А тобында Канада, Швеция, Швейцария, Словакия, Латвия, Австрия, Франция және Словения шеберлік байқасады.