Дзюдо: Астанадағы турнирде Талғат Орынбасар алтынға таласады
АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін Астана қаласында жалауын көтерген дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Талғат Орынбасар (60 келі) финалға жолдама алды.
Қазақстандық балуан жартылай финалдағы тағы бір отандасымыз Аман Бақытжанмен шеберлік байқасқан еді. Белдесу барысында Талғат басымдық танытып, бас жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.
Аталған салмақтағы тағы бір белдесуде Мағжан Шамшадин IJF өкілі Изнаур Сааевке есе жіберді.
Енді Талғат Орынбасар финалда Изнаур Сааевпен алтын медаль үшін таласады.
Бұл салмақта алғашқы айналымда оңтүстіккореялық Ли Харимнен жеңілген Дәурен Сүйкенов жүлдесіз қалды.
Еске салсақ, бүгін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) финалға шықты.
Финалдық белдесулерді сағат 17:00-де «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Сондай-ақ ел құрамасынан 66 келіде Ердәулет Бозша, Мирас Жонысов, Бауыржан Нарбаев боз кілемге шықты.
Ал әйелдер арасында 48 келіде Диана Буркеева, 52 келіде Құндыз Жылқыбай, Айшабибі Мұрадимова, 57 келіде Дина Мұханбет, Дана Әбдірова жарыстың әр сатысында жолын аяқтады.