«Бұл нақты жағдайда жобаның құнына мыналар әсер етті: объектінің өнімділігі; энергиямен жабдықтау жеткізуші желілерінің болмауы; өндірушілер белгілі бір жоба үшін шығаратын технологиялық жабдықтың күрделілігі; осы объектінің жұмыс істеуі үшін қажетті қосалқы үй-жайлар мен қауіпсіздік жүйелерінің болмауы. Сонымен қатар, аталған жоба аясында елорданың сол жағалау бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ететін ұзындығы 17 км, диаметрі 1020 мм су бұру құбырының құрылысы жүргізілді», - деп жазылған қалалық энергетика басқармасының жауабында.
Бұған дейін әкімдік аталған жобаның егжей-тегжейін ашудан бас тартқанын жазған едік.