- Елорда әкімдігінің жетекшілігімен жұмыс тобы құрылды, яғни оның құрамында тиісті құзыретті органдар қамтылды. Бұл бағытта көптеген параметрлерде ескере отырып, тыңғылықты жұмысты орындау керек. Сондықтан тиісті процесс басталды деп айта аламыз, - деді Т. Ластаев Сенатта тілші сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, қазір техникалық сала мамандары мен сарапшылар жаңа әуежай құрылысына қатысты нұсқаларды пысықтап жатыр. Бұл нысан заманауи әрі ірі авиациялық хабқа айналады деп жоспарланған.
Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін атап өтті.