Астанадағы Желілік саябаққа кімнің есімі беріледі – әкім жауабы

Фото: Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада сарқынды су мен электр тарифінің қымбаттауына байланысты пікір білдірді.

— Қаладағы Ақмешіт және Түркістан көшелерінің ортасныдағы саябақ неге әлі күнге дейін Желілік саябақ деген жұмыс атауымен келе жатыр? Оны қандай да бір тұлғаның атына сақтап отырсыздар ма, — деп сұрады журналист.

Жеңіс Қасымбек саябақтың атын өзгерту жоспарда жоқ екенін айтты.

— Ол сол Желелік саябақ деген атауымен қалады. Қазір Бас жоспар бойынша солай аталады. Басқа ешкімнің атын беру туралы жоспар бізде жоқ. Ресми түрде сізге айтамын. Саябақ Ботаникалық баққа дейін жалғасады, — деді әкім.

Сондай-ақ, ол Сарайшық ауданы тұрғындарымен кездесуде LRT-де жол жүру билетінің бағасы қанша болатынын айтты.