Астанадағы №109 маршруттың жүру кестесі өзгертілді

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Қалалық маршрут желісін оңтайландыру аясында, Республика даңғылына түсетін салмақты және жолда жүру уақытын азайту мақсатында № 109 маршруттың жүру кестесі 2012 жылғы 17 маусымнан бастап келесі бағытта өзгертілді:

Бөгенбай батыр даңғылы - Уәлиханов көшесі - Иманов көшесі - Янушкевич көшесі - Пушкин көшесі - Абылай хан даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс кестесі бойынша.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Республика даңғылынан Пушкин көшесінің басына дейінгі учаскеге  № 2, 23, 25 және 31 бағыттағы автобустармен жетуге болады.