Астанадағы №15 мектеп-лицейдің оқушылары уланып қалды

None
АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Астанадағы №15 мектеп-лицейдің оннан астам оқушысы уланып, ауруханаға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше оқиға сағат 14.35-те 14 жасар оқушының «Шок» газ баллонынан аэрозольды затты тозаңдатуы салдарынан орын алған - 11 мен 14 жастың аралығындағы 11 оқушы уланып, ауруханаға түскен. Зардап шеккендердің жағдайлары қанағаттанарлық.