Астанадағы 2 күндік би олимпиадасы басталды

None
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қазіргі заманғы және спорт билері бойынша ІІІ қазақстандық Би Олимпиадасы басталды.

Шараға еліміздің 10 аймағы мен көршілес мемлекеттерден 700-ден астам биші қатысады.

Олимпиада балет, халықтық, шығыстық, балдық және эстрадалық билер, степ, сальса, тіпті мүгедектер үшін «бесік арбадағы би» сияқты барлық бағыттар бойынша өтеді. Фестиваль - мүгедек жандарға қуаныш сыйлайды, олардың әлеммен қауышуына, жетілуіне мүмкіндік береді. Жыл сайын қазақстандық Би Олимпиадасының бағдарламасына мүгедек жандардың сайыстары кіреді. Ұйымдастыру комитеті Қазақстандық Би Паралимпиадасы аясында «Би - оңалту құралы» фестивалінің бағдарламасын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Тағы бір айта кетер жағдай, олимпиадаға қатысушылардың 40%-ға жуығы балалар. 5 жасар бүлдіршіндер Олимпиадада алғашқы рет сахнаға шығып, кәсіби бишілермен бақ сынасады.

2 күн бойы өтетін сайысқа қатысушыларды Ресейден, Өзбекстаннан, Кубадан, Қазақстаннан және Қырғызстаннан келген қазылар алқасының мүшелері бағалайды.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласы Мәдениет департаментінің, қалалық Туризм, дене тәрбиесі, спорт басқармасының қолдауымен ҚР «Қазіргі Заманғы және Спорттық би» РҚБ мен Жалпыресейлік би ұйымы (Мәскеу) ұйымдастырған.