деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған спорт құрылысын ағымдағы жылы шілденің 3-інде Мемлекет басшысы ашқан еді. Ашылу рәсімінде Президент жаңа стадион УЕФА-ның барлық стандарттарына сай салынғанын атап өтіп, «Жыл сайын Астана күнінің қарсаңында жаңа ғимараттарды іске қосып, елді қуантатын дәстүріміз бар. Сол дәстүрмен бүгін біздің өңірде теңдесі жоқ Қазақстандағы төбесі жабық бірегей футбол стадионын іске қосып отырмын. Бұл еліміздің тағы да бір мүмкіндігін көрсететін айтулы шара», деген болатын.
Ауданы 23 гектарды алатын стадионның құрылысы 2006 жылдың мамыр айында басталған. Ені 68 метр, ал ұзындығы 105 метр болатын футбол алаңы ФИФА мен УЕФА-ның стандарттарына толық сәйкес жасалған. Жаңа футбол стадионының ерекшелігі - 20 минуттың ішінде ашылып-жабылатын шатыры бар. Қысты күннің өзінде стадионның ішіндегі температура 15-18 градустан төмен түспейді. Бұл стадионда футбол ойынынан бөлек спорттың күрес, бокс, спорттық гимнастика, дзюдо, каратэ сынды түрлерінен жарыстар өткізуге болады. Стадионның жобасында көлік тұратын 1700 орын қарастырылған.