Оның аясында Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары - Жабайхан Әбділдин, Сейіт Қасқабасов, Мұхтарбай Өтелбай, Дихан Қамзабекұлы және басқа да танымал қоғам қайраткерлері мектеп оқушылары үшін шеберлік сыныптарын өткізіп, қазақтану, даналық негіздері, Абайтану және қазіргі қазақ әдебиеті сынды тақырыптар бойынша дәрістер оқитын болады. Мектеп директоры Жамал Қасымбектің айтуынша, аталған іс-шара осыдан үш жыл бұрын мектеп пен университет арасында рәсімделген арнайы меморандум аясында жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Биыл оны ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластыру шешімі қабылданды.
«Ғылым мен білім егіз ұғым. Бірінен-бірі бастау алып, бір-бірімен сабақтасып отырады. Білімсіз ғылым, ғылымсыз білім жоқ. Біздіңше, Астанадағы №38 мектеп-лицейі ең үлгілі әрі заман ағымымен аяғын қатар басып келе жатқан білім ордасы болып саналады. Өйткені оның түлектері бүгінде белді университеттерге түсіп, жоғары жетістіктерге жетуде. Сол себепті біз оның қазіргі деңгейін одан да жоғарыға көтеруге мүдделіміз», - дейді Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы.