Астанадағы № 38 мектеп-лицейі үздік ғаламтор сайты байқауында жеңіске жетті

None
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша елдің үздік мектеп ғаламтор сайты байқауы өтті, деп хабарланады Астана әкімдігі сайтынан.

Байқау «Үздік мектеп сайты», «Сайттың үздік дизайны», «Ең қолайлы интерфейс» үш аталымында өтуде.

«Үздік мектеп сайты» бас аталымында Астана қаласының № 38 мектеп-лицейі жеңді (www.38.astana-mektep.kz ).

Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы Горький атындағы орта мектептің сайты (https://sc0005.akkol.akmoedu.kz) мен Талдықорғандағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған № 20 мамандандырылған лицейдің сайты  (www.slod20.kz) үздік дизайн үшін жүлде алды.

Ең қолайлы интерфейс Қостанай қаласындағы физика-математика лицейі (https://fmlkst.kz) мен павлодарлық № 2 (https://goo.kz/index/fromorg/18 ) жалпы білім беретін мектепте болды.

Байқау қорытындылары бойынша үздік сайттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.