Астанадағы 6636 әскери бөлімінің ғимаратында өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Алматы ауданы Досмұхамедұлы көшесінің бойындағы ҚР ІІМ №6636 әскери бөлімінің екі қабатты казарма ғимаратында кеше кешкі сағат 19.31-де өрт болды.

Тілсіз жау небәрі он минуттың ішінде ауыздықталды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 техникасы мен жеке құрамының 25 адамы жұмылдырылды. 10 шаршы метр аумақ отқа оранды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.