Университеттің техникалық факультетінде ашылған «Конструкторлық бюро» «Ауылшаруашылық машина жасау орталығының» құрылымдық бөлімі болып табылады. Ол 2011 жылдың 27 қаңтарында Ғылыми кеңестің «Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының 2010 жылы атқарған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі және 2011 жылға арналған міндеттері» жөніндегі шешімдері мен «Қазақ ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен жасалған келісімді орындау мақсатында құрылды.
«Конструкторлық бюро» С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да білім беру қызметінің сапасын арттыру және ғалымдардың жаңалықтарын коммерцияландыру, өндіріске енгізу мақсатында құрылды. Бюроның құрамын анықтау, жұмысына басшылық жасау т.ғ.д., техникалық-механика кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, факультет деканы Саяхат Нөкешевке жүктелді.