Бүгін, 8 желтоқсан күні ҚазАТУ мен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, талдамалы және ғылыми зерттеулердi жүргізу, инновациялық технологияларды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына енгiзу мақсатында алғаш рет ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып, өткізді. Конференция барысында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ базасында құрылған «Астана» энергия үнемдеу және білім тарату орталығының ресми ашылуы болды.
Орталықтың мақсаты - энергия және ресурсты сақтау технологиялары мен энергияны үнемдеуге қатысты ілеспе қызметтерді дамыту, мамандардың кадрлық әлеуетін арттыру, ТКШ саласында ықпалдастықты күшейту арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыруға қолғабыс ету.
Конференция барысында сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында қызмет көрсететін «А-Сан» ЖШС университетке автоматты жылу торабын сыйға тартты. Аталмыш жылу торабы ауа райына тәуелді жылу жүйесін және ыстық судың автоматты реттелуін қамтамасыз етеді.