Астанадағы әл-Фараби даңғылының бір бөлігі 5 маусымға дейін ішінара жабылады
04:22, 09 Мамыр 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы әл-Фараби даңғылының бір бөлігі 5 маусымға дейін ішінара жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығына сілтеме жасап.
«Әл-Фараби даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осыған байланысты 10 мамыр мен 5 маусым аралығында А. Пушкин көшесінен Алаш тасжолына дейінгі учаскеде автокөліктер үшін қозғалыс ішінара тоқтатылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасымен келісілді», - делінген хабарламада.