Астанадағы «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру спортынан бірнеше жарыс басталады
«Алау» мұз сарайының ресми сайтында орналастырылған ақпаратқа сүйенсек, онда түрлі қашықтықтар бойынша Азия чемпионаты, классикалық көпсайыс бойынша Әлем чемпионатына қатысу үшін Азия елдері арасында өңірлік біліктілік жарысы және Азия мемлекеттері жасөспірімдері арасындағы ISU өңірлік әлем кубогы тартыстары өтеді.
Атап айтқанда, Астанада Жапонияның, Оңтүстік Корея, Монғолия, Үндістан, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық құрамалары жаттығу жұмыстарын өткізуде.
Классикалық көпсайыс бойынша Азия елдері арасындағы өңірлік біліктілік жарысы Әлем чемпионатына іріктеу болып табылады. Оның жеңімпаздары биыл 18-19 ақпанда Мәскеуде өтетін классикалық көпсайыста 2012 жылғы Әлем чемпионатында Азия құрлығын таныстыратын болады. Бұның жүлдегерлері көпсайыстың ұпайы бойынша анықталады. Ерлер 500, 5000, 1500 және 10 000 метр қашықтықтар бойынша, ал әйелдер 500, 3 000, 1500, сондай-ақ 5 000 метр қашықтықтар бойынша тартысқа түседі. Әлем чемпионатына квоталар екі ер адамға және 4 әйел спортшыға беріледі.
Үш сайыстың ішінде өңірлік біліктілік сайысы маңызды саналады. Аталған екі квота үшін деңгейлері бойынша өзара тең қазақстандық Дмитрий Бабенко, жапондық Хироки Хирако, корейлік Сьун-Хун Ли бақ таластырады.