Келушілерге 400 метрлік жол, хоккей мен мәнерлеп сырғанауға арналған корттар ұсынылады. Айдындардағы мұз озық технологиялар мен жоғары сапалы материалдарды қолдана отырып құйылады.
Биылғы маусымда хоккей кортында EХPO-2017 логотипі, ал жүгіру жолында - ұлттық ою-өрнек бейнеленеді.
Мұздың жалпы ауданы - 9200 шаршы метр, ол үшін 460 тонна су қажет. Бұл ретте ауа температурасы аренада 13; 16°C, ал мұз үстіндегі температура - минус 5°C құрайды.
Еске салайық, жазғы маусымда «Алау» спорт орталығына 12 710 адам келген, соның ішінде 1 500 оқушы қалалық мектептердің жанындағы лагерлерге барған балалар. Сонымен қатар, көп балалы отбасылардан шыққан 250 бала сарайда сүйікті спорт түрлерімен айналысу мүмкіндігіне ие болды.