Шахматтан 2023 әлем чемпионаты. Алтыншы партия.
Дин Лижэнь (Қытай) — Ян Непомнящий (Ресей) – 1:0.
Қытайлық гроссмейстерге бұл жеңісі есепті 3:3-ке теңестіруге мүмкіндік берді.
Жетінші партия 18 сәуірде өтеді. Ян Непомнящий – ақ, Дин Лижэнь қара фигуралармен ойнайды.
Регламентке сәйкес әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан құралған. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «өлім партиясы» бар.
Еске салайық, Астанада 7 сәуір - 1 мамыр аралығында шахматтан әлем чемпионаты өтуде. Онда ресейлік Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласып жатыр.