Нұр-Сұлтан қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығы учаскесінен Р. Қошқарбаев даңғылына дейінгі «Арқар» (М1) көпірінің жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі.
Осыған байланысты, 15-24 тамыз аралығында көпірді Р. Қошқарбаев даңғылы бағытында, 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Сарайшық көшесі бағытында жабу жоспарланып отыр.