Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 16:27-де ведомствоның өрт сөндіру бөлімшесі шақырту бойынша оқиға орнына аттанған.
«Оқиға орнына келгеннен кейін Сарайшық көшесі бойындағы «Арқар» көпірінің тірек бағанындағы электр кабелінің жанып жатқаны анықталды», - деп атап өтеді ведомстводан.
Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті қызметкерлері және электр мамандары жұмыс істеп жатыр.