Астанадағы арнаулы мекемеде нашақорларды емдейтін оңалту бөлімшесі ашылады

АСТАНА.  Қарашаның  6-сы.  ҚазАқпарат /Ғалымхан  Хасенов/ -   Астанадағы  ЕЦ 166-10  түзету мекемесінің аумағында  ертең,  қарашаның  7-де   «Атлантис- Жаңа өмір»    оңалту  бөлімі ашылады.

 Аталмыш орталықта   нашақорлар   дәрі-дәрмексіз  психотерапиялық  әдіспен  емделеді,  деп   хабарлады Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару  жүйесі комитетінің   баспасөз қызметінен.

Бұл     республикамыздың пенитенциарлық жүйесіндегі  екінші  «Атлантис- Жаңа өмір»      оңалту  орталығы.    Бірінші  орталық    БҰҰ     өкілдігінің  «Орталық  Азия елдерінде  есірткінің  таралуының алдын алу»  бағдарламасы мен  «Түрмелерде  нашақорлықтың алдын  алу»  жобасын жүзеге асыру аясында осыдан 1 ай бұрын     Павлодардың  түзету мекемелерінің бірінде  ашылған   болатын.