Олардың бірі - жетекке алуға арналған ЗИЛ-157. Бұл техника қаруларды жетекке алуға, түрлі жүктер мен жеке құрамды тасымалдауға арналған.
Тактикалық-техникалық сипаттамалары: жүк көтергіштігі - 3750 кг, жарақты салмағы - 6135 кг, толық салмағы - 10185 кг, 60 км/сағ жылдамдығындағы жанармай шығыны - 35,0 л, тіркеменің мүмкін болатын толық салмағы - 3750 кг.
Сонымен қатар әскери парадта жұрт назарына ұсынылған 57 мм ЗИС-2 танк бұзар зеңбірегі де Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі кеңестік қарулардың бірі. Бұл 1940 жылы әзірленген, сол уақыттағы әлемдегі ең күшті танк бұзар зеңбірек болған.
Тактикалық-техникалық сипаттамалары: қарудың салмағы 1050 кг., тура ату қашықтығы 1120 м., ату шапшаңдығы 25 атыс/мин. Барлығы 13710 бірлік жасалып шығарылған. Кейбір мемлекеттер әскерлерінде ЗИС-2 әлі күнге дейін қолданылады. ҚР ҚК-де тұғыр немесе мұражай экспонаттары ретіндегі бұл қару түрінің 31 бірлігі бар.
Тағы бір көне әскери техниканың бірі 122 мм М-30 зеңбірегі. Ол 1938 жылғы үлгідегі 122-мм М-30 гаубицасы - Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі кеңестік гаубица. Бұл қару 1939 жылдан 1955 жылға дейін шығарылған, әлемнің көптеген елдері әскерлерінің қарулануында болған немесе әлі де бар, ХХ ғасырдың ортасы мен соңында болған барлық дерлік соғыстарда және қарулы қақтығыстарда қолданылды.
Артиллерияны М-30 гаубицасымен қаруландыру Ұлы Отан соғысында нацистік Германияны күйретуде үлкен роль атқарған. Барлығы 19266 бірлік жасалып шығарылды.
Тактикалық-техникалық сипаттамалары: топта 8 адам, ату шапшаңдығы 5-6 атыс/мин., оқ бағытының биіктігі 1200 мм.
Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі реактивті артиллерияның кеңестік БМ-13 жауынгерлік машинасы атанған РСЗО БМ-13 «Катюша» да ең кең таралған және атақты кеңестік жауынгерлік машина. Бұл техника «Катюша» атауымен анағұрлым танымал. Тактикалық-техникалық сипаттамалары: бағыттаушы саны - 16, снарядсыз жорықтық күйдегі салмағы 7200 кг, жорықтық күйден ату күйіне ауысу уақыты 2-3 мин, оқтау уақыты 5-8 мин. Ату қашықтығы 8 470 метр.