«Мен әрі таңғалып, әрі қуанып тұрмын. Конституция күніне арналған, елордамызда өткен алғашқы шеру маған айрықша әсер қалдырды және есімде көпке дейін сақталатын болады», - деді 40 жылдық өмірін әскери қызметке арнаған, 30 награданы, оның ішінде Ұлы Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерін кеудесіне таққан отставкадағы полковник. Ардагергеге ең басты ұнағаны - барлық әскер түрлерінің ұсынылғаны, техникалардың жаңа түрлерінің көрсетілуі болды.
«Мен біздің Отанымызды кімдердің және немен қорғайтынына көз жеткіздім», - деп атап айтты Қ.Бекенов. Отставкадағы полковник жастарға Отанға адал қызмет ету жөнінде өсиет айтты.