Астанадағы әскери шеруде қазақстандық әскерилер жаңа нысанды киім киеді

ТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 25 тамыздан бастап жаңа шерулік және күнделікті киім нысаны енгізілді,

деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

2011 жылдың 25 тамызынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің әскерилеріне «еуропаландырылғандығы» басым жаңа нысанды киім кигізілді, делінген таратылған ақпаратта.

Жаңа киімді тігіп, үлгісін жасаған қазақстандық танымал сәнгер Құралай Нұрқәділова болып отыр.

Атап айтқанда, әскери жаңа киімді жасауда жаңа түс үрдістері таңдалған.